Конституциялық cот әскери қызметшілерге тұрғынжай төлемдерін тағайындау туралы түсіндірді

95

Шекара қызметінде еңбек атқарған әскери адам қызмет еткен кезеңі үшін біржолғы тұрғынжай төлемін тағайындауға өтініш жасаған.  

Конституциялық cот әскери қызметшілерге тұрғынжай төлемдерін тағайындау туралы түсіндірді Фото: Inbusiness.kz

Соттар әскери қызметшінің тұрғынжайға мұқтаж деп танылған сәттен бастап, тиісті рапорт негізінде төлем алу құқығы туындайтынын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конституциялық сотқа "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның және әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету қағидалары нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түскен.

Конституциялық сот азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы конституциялық норма жеке төлем алуға құқықты тікелей бекітпейтінін, ал бұл мәселені заң арқылы реттеуді көздейтінін атап өтті.

Өтініштің уәждері негізінен нақты жағдайда нормалардың қолданылуымен келіспеушілікке негізделген, ал төлемдер жүйесінің өзі қаражатты тағайындау мен берудің тәртібін белгілей отырып, мемлекет пен азаматтардың мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу