Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия – консультативтік-кеңесші сипатындағы орган. Бұл туралы Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Азаматтар мен ұйымдар қоғамда бұрыннан көтеріліп жүрген басқа да конституциялық ережелер бойынша өз ұсыныстарын жұмыс тобына және eGov платформасында іске қосылған арнайы электронды платформа арқылы жолдап отырды. Конституциялық комиссия арнайы келіп түскен барлық ұсыныстарды жүйелеп, жұмысты әрі қарай жалғастырады. Осыдан кейін ғана Конституция жобасының алғашқы нұсқасының мәтіні әзірленіп, қоғамдық пікір мен кері байланысты алу мақсатында оны жұртшылық назарына ұсынды. Еске сала кетейік, комиссия – консультативтік-кеңесші сипатындағы орган. Сондықтан оның республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға өкілеттігі жоқ", – деді Эльвира Әзімова.
Оның айтуынша, жаңа Ата заңның жобасында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілетіні туралы ереже бекітілген.