Конституциялық сот өмір бойы қызмет атқаруға тыйым салу нормасын тексереді

170

Конституциялық сот Қылмыстық кодекстің 50-бабының 1-бөлігінің Ата заңға сәйкестігін тексеруге кірісті.  

Конституциялық сот өмір бойы қызмет атқаруға тыйым салу нормасын тексереді Фото: t.me/consot_kz

Мәселе азаматтардың бірінің шағымынан кейін қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өтініш иесі мемлекеттік қызметші болып саналмайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнайы субъектісіне жатпайтын адамдарға белгілі бір қызметпен айналысуға немесе лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салу әділетсіз деп есептейді.

Оның пікірінше, мұндай шектеу жазаның жеке даралануы мен мөлшерлестігі қағидаттарына қайшы келуі мүмкін.

Сонымен қатар өмір бойғы тыйым азаматтардың еңбек ету және кәсібін еркін таңдау құқығын шектейді деген уәж келтірілген.

Енді Конституциялық сот аталған норманың Ата заң талаптарына сәйкестігін қарайды.

Соттың қорытындысы кейін жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу