Конституциялық Сотқа бес айда 3 мыңнан астам қазақстандық жүгінді

343

Ең көп өтініштер Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түсті. 

Конституциялық Сотқа бес айда 3 мыңнан астам қазақстандық жүгінді Фото: Turkystan.kz

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Парламент Палаталарының бірлескен отырысында елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бес ай ішінде үш мыңнан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға жүгінді. Бұл сандар азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығының дәлелі болып табылмайды, өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқығын қорғау ниетін растайды. Бұл ретте Қазақстан заңнамасында Конституциялық Сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралдарын қолдану туралы талап жоқ", - деді ол.

Эльвира Азимованың сөзінше, азаматтар Конституциялық Сотқа жүгіне отырып, азаматтар әділдік пен заңдылықты орнатуға жәрдемдеседі.

Келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы (41%-ға жуық) сот шешімдеріне келіспеумен байланысты, деп жалғастырды спикер.

Ол Конституциялық Соттың сот шешімдеріне баға беруге құқылы емес екенін атап өтті.

"Азаматтардан келіп түскен өтініштердің бір бөлігі сот актілерінің орындалмауына, тұрғын үй және еңбек қатынастарына, әлеуметтік қорғауға, жазалардың орындалуына, ақпаратқа қол жеткізуге, жеке тұлғалардың банкроттығына және т.б. қатысты. Өтініштердің төрттен бірінде ғана (26%) азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеруді сұрады", - деді ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы.

Бұдан бөлек 20 өңірдің арасында ең көп өтініштер Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түскен көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу