Конституциялық сотта банкроттыққа қатысты өтініш қаралды

358

Өтініш беруші мұндай талап мүліктік жағдайы бірдей азаматтарда құқықтық айырмашылық тудырады деп есептейді.    

Конституциялық сотта банкроттыққа қатысты өтініш қаралды Фото: Depositphotos.com

Конституциялық Сот кредитордың санатына қарай сот арқылы банкроттық рәсіміне қол жеткізудің әртүрлі болуына қатысты мәселені қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алайда Конституциялық Сот дауланып отырған норманың Конституцияға қайшы келмейтінін анықтады.

"Заңнамада сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың бірыңғай шарттары белгіленген және тиісті өтінішпен жүгінуге құқығы бар адамдар тобына шектеу қойылмаған. Өтініш берушінің сот арқылы қорғалу құқығының бұзылғаны туралы уәждері де расталмады. Оның заңды соттардың дұрыс қолдануына және істің нақты мән-жайларына баға беру туралы талабы Конституциялық Соттың өкілеттігіне жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу