Сарапшының айтуынша, азаматтардың басым бөлігі үшін Конституция алшақ құжат болып көрінеді, сондықтан преамбула қоғамға "біз кімбіз, қайдан келдік және қайда бара жатырмыз" деген идеяларды айқын жеткізіп, құндылықтарды қалыптастыруы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Негізінде, ол өткеніміз бен болашағымызды бағалауда көргіміз келетіннің барлығын жинақталған түрде білдіретін тұжырымға айналады", – деп атап өтті Шибұтов.
Саясаттанушы преамбула елдің тарихи негіздерін көрсетумен қатар, ғылым мен инновация жетістіктеріне бағдар беріп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар сілтеуі тиіс екенін айтты.
"Болашақ “алма піс, ауызыма түс” дейтіндер мен инфоалаяқтарға емес, жоғары технологиялы және инновациялық салаларда еңбек ететін білімді, мәдениетті адамдарға тиесілі", – деді Шибұтов.
Ол сондай-ақ преамбула сыртқы және ішкі аудиторияға арналған маңызды мазмұндық мәнге ие екенін атап өтті: мемлекеттік шекаралардың мызғымастығын бекітеді, бейбіт ниеттерді көрсетеді және заңдылықты, әділеттілікті, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызын айқындайды.
"Мемлекетіміздің қандай қағидаттармен жұмыс істейтіні мен қоғамымыздың қандай негіздермен өмір сүретінін айқындайтын осы преамбула нұсқасын қолдауларыңызды сұраймын", – деп сөзін түйіндеді Марат Шибұтов.