Контейнер өндірісін өркендетеміз – Қайырбек Өскенбаев

914

Қазір әлем елдері жүктерді контейнерлермен қарқынды тасымалдай бастады. Қазақстан да осы бағытта жұмыс істемек. 

Контейнер өндірісін өркендетеміз – Қайырбек Өскенбаев

"Бастапқы кезеңде екі млн тонна жүкті контейнерлендіру жоспарланып отыр. Қытаймен шекарадағы карантиндік шектеулерге байланысты еліміздің негізгі кәсіпорындары – АрселорМиттал, ERG, Қазмырыш, Қазхром, Қазминералс және YDD өз жүктерін контейнерлеуге қызығушылық білдірді", – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгінгі үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, экспортты тасымалдау үшін "Қазақстан темір жолы", Исткомтранс және Fesco көлік компаниялары жеткілікті контейнерлік парк құру мәселесін қарастырып жатыр. Сериялық өндірісті 2022 жылдың желтоқсанында жүзеге асырып, жылына 10 мың контейнерге дейін өндіру жоспарланып отыр. 

"Мәселен, "Қазақстан Инжиниринг", KLMZ "Мэйкер", SMP Group және FESCO отандық зауыттар базасында 20 және 40 футтық контейнерлер, сондай-ақ рулонды болат пен кен жүктеріне арналған контейнерлер өндірісін жолға қою жұмысы жүргізіліп жатыр", – дейді министр.

Оның айтуына қарағанда, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" отандық контейнерлерді өндірушілер мен сатып алушылар үшін жеңілдікпен кредит беру тетігін іске қосады. 

"Жалпы 22 млн тонна экспорттық жүкті контейнерлерге қайта бағдарлау көзделіп отыр. Бұл қосымша 117 мыңға жуық контейнерді қажет етеді", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу