Құны 20 миллион теңге болатын контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

613

Көкшетау қаласына елордадан жеткізілген контрабандалық темекі өнімдерінің қайдан келгені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құны 20 миллион теңге болатын контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

Заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімі Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әмір" әмбебап базарының аумағында көлікке тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. 

"Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгені құрайды. ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу