Қоныс аударушыларға 5 жылға дейін ауыл шаруашылығы жерлері жалға беріледі

1657

Елімізде қоныс аударушылар Үкімет айқындаған өңірлерде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша ала алады.  

Қоныс аударушыларға 5 жылға дейін ауыл шаруашылығы жерлері жалға беріледі Фото: gov.kz

Ол үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға өтінішпен жүгінуі қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода қоныс аударушы – бұл ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы екенін нақтылады.

"ҚР қолданыстағы жер заңнамасының негізінде Қазақстан Республикасының үкіметі айқындаған өңірлердегі қоныс аударушыларға шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең төменгі мөлшерден аспайтын мөлшерде байқаудан тыс тәртіппен 5 жылға дейінгі мерзімге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беріледі, шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде иеліктен шығару, беру құқығынсыз, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде қолдану құқығынсыз", –делінген хабарламада.

Аталған мақсаттар үшін жер учаскелерін қайта беруге жол берілмейді. Үкімет айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырса, берілген жер пайдалану құқығы бірден жойылады.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде 5 жылдан астам тұратын қоныс аударушыларға жер пайдаланудың ұзақ мерзімді құқығының жаңа мерзіміне шарт жасасу құқығы беріледі", – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу