Қоныс колонияларында жазасын өтеушілерге смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін

270

Қазақстанда сотталғандарға арналған жаңа ережелер ұсынылды.    

Қоныс колонияларында жазасын өтеушілерге смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін Фото: informburo.kz

Ішкі істер министрлігі сотталғандарды ұстау тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда абайсызда қылмыс жасаған, бірінші рет жеңіл қылмыс жасаған адамдар жазасын өтейді. Бұндай колониялардың ережесі басқа түрмелерге қарағанда жеңілдеу. Яғни, азаматтар колония аумағынан қалаға сұранып шыға алады, туыстарының жанына барып тұра алады, колония аумағында кәдімгі киім кие алады.

Енді ішкі істер министрлігі бұндай колониядағы сотталғандарға колония аумағынан шыққанда смартфон пайдалануға рұқсат бергісі келеді.

Қағидаларға әртүрлі негіздер бойынша өзгерістер көзделген.

Соның ішінде:

  • мінез-құлқының үшінші оң дәрежесі бар сотталғандар үшін "тыныштық сағатын" енгізу; 
  • сотталғандарға мекемеден тыс жерде смартфондарды пайдалануға рұқсат беру (жазасын өтеу шарттарын жақсарту);
  • қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріндегі сотталғандардың кездесулер және қалаға шығу туралы өтініштерді терминалдар арқылы айту.

Бұйрық жобасы 11 наурызға дейін талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу