Кооперативтердің 42 пайызы қағаз жүзінде ғана құрылған - Арман Евниев

853

Кооперативтердің 42 пайызы қағаз жүзінде ғана құрылған - Арман Евниев

Елімізде 62 мыңнан астам адамның басын біріктірген 2800-ден астам кооператив тіркелген. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Дегенмен ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуына кедергілер де жоқ емес.

Арман Евниевтің мәліметіне сүйенсек, ұжымдардың 18 пайызы жұмыс істемейді. Ал 42 пайызы қағаз жүзінде ғана құрылған. Бұдан бөлек кооператив мүшелері өндірген өнімдерді өңдеуде, өткізуде де қиындықтар бар.

"Сондықтан қолданыстағы индикаторларды ауыстыру қажеттілігі туындап отыр", – деді вице-министр.

Осы орайда саланы дамытуға арналған шараларды атап өтті. Бірінші кезекте мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтеріне теңдей жағдайларда субсидиялау. Жергілікті бюджет есебінен мал шаруашылығындағы тауарлық спецификалық субсидияларды сақтап қалу ұсынылады.

Деректерге сүйенсек, биыл кооперативтер үшін бордақылау шығындарын арзандатуға 495 000 мың теңге, сүт өндірумен айналысатын кооперативтерге 480 мың теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу