Көп бұзылмайтын көліктердің тізімі жасалды

712

Көп бұзылмайтын көліктердің тізімі жасалды

АҚШ-та соңғы 5 жылда құрастырылған автокөліктер ішінен көп бұзыла қоймайтын көліктердің рейтингі жасалды, деп хабарлайды Қазақстан автобизнесінің ассоциациясы.

iSeeCars басылымының сарапшылары жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі Ұлттық әкімшілік базасынан алынған, көліктерге қатысты 2013-2017 жылдардағы шолуларға сүйенген.

Көп бұзылмайтын көліктер рейтингінің көш басында Hyundai Accent седан орналасты. Бұл көлікті сатып алғандар оның бөлшектерін ауыстырып, әуреге түсе бермейді. Екінші орында - Chevrolet Equinox кроссовер. Рейтингте үшінші болып Toyota Corollа тұрса, алғашқы бестікті  Honda Civic мен Honda CR-V түйіндеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу