"Көп күте алмаймыз": Ресей жауабын бермесе, Қазақстан үш ЖЭО-ны өзі салады

1226

Семей мен Өскемендегі жобалар бойынша шешім жуырда белгілі болады.  

"Көп күте алмаймыз": Ресей жауабын бермесе, Қазақстан үш ЖЭО-ны өзі салады Фото: kaztag.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей салуы тиіс болған 3 жылу электр орталығына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әзірге Ресей тарапынан жеңілдетілген әрі кепілдендірілген қаржыландыру жөнінде нақты ақпарат түскен жоқ. Сондықтан ешкімнің көмегіне жүгінбей, Көкшетауда құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Онымен "Самұрық-Энерго" айналысып жатыр. Семей мен Өскемендегі жобалар бойынша Ресей тарапынан жауап күтіп отырмыз. Егер жақын арада жауап болмаса, бұл жобаларды да өзіміз жүзеге асыру жолдарын қарастырамыз. Бұл нысандар өте маңызды, біз көп күте алмаймыз. Бізге жылу да, жарық та керек", – деді Үкімет басшысы.

Тілшілер: "Бюджеттің күші жете ме?" – деп нақтылады.

"Жетеді. "Самұрық-Энерго" нарықтық тетіктері бар. Кез келген ЖЭО да бизнес жоба. Пайдалануға берілгеннен кейін ол ақша тауып, салынған инвестициялар қайтарылатын болады. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ", – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін Ресей Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салатынын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу