Көпбалалы аналарға биыл 93,9 млрд теңге берілді

604

Көпбалалы отбасыларға 2020 жылы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд  теңге қарастырылған.

Көпбалалы аналарға биыл 93,9 млрд теңге берілді

2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында орта есеппен 387,2 мың отбасы (93,9 млрд теңге) көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мамыр айында жәрдемақының бұл түрін 396,5 мың отбасы (20,4 млрд теңге) алған.

Министрліктің түсіндіруінше, аталған мемлекеттік жәрдемақыға табысына қарамастан 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасылар үміткер бола алады. Төлем мөлшері 44 532 мың теңгеден (4 бала) 77 951 мың теңгеге дейін (7 бала), 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін әр бала үшін сараланған түрде 4 АЕК мөлшерінде болады.

"8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 – 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 – 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді",– деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы осы жылдың 13 мамырында қол қойған заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, осыған байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері ол тағайындалған кезден бастап қайта есептеледі. Осылайша, төленбеген сома биылғы жылдың шілде айында аударылады.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд  теңге қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу