Көпбалалы аналарға кәсіп ашу үшін 406 млн теңге грант берілді

642

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға бағытталған "Ten Qogam" әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді.

Көпбалалы аналарға кәсіп ашу үшін 406 млн теңге грант берілді

Оңтүстік астанада көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай көмек көрсетілуде? Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы мәселеге тоқталды. 

"Көпбалалы аналарға қолдау көрсету үшін өңірлік "Бақытты отбасы" орталықтарының базасында "Іскер Ана" бағдарламасы іске асырылуда. Мұнда оларды "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытады. Көпбалалы отбасылардан 888 адам 555 мың теңгеге дейін грант алды. Сонымен қатар, 203 көпбалалы анаға жалпы сомасы 406 млн теңге грант берілді", – деді мегаполис әкімі. 

Сондай-ақ, Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру мақсатында алғаш рет "Ten Qogam" әлеуметтік қолдау орталығы ашылған. Орталық ерекше жандарға және олардың отбасыларына ақпараттық, кеңес беру, заңгерлік және психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, мүгедек адамдарды қоғамға бейімдеу үшін тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға оқытады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу