banner

Көпбалалы отбасыларға 235 млрд теңге жәрдемақы берілген

1219

Биыл қазанда бұл көмекті 447 мыңнан аса отбасы алған.

Көпбалалы отбасыларға 235 млрд теңге жәрдемақы берілген

2021 жылғы қаңтар-қазанда 443,9 мың көпбалалы отбасыға жалпы сомасы 235 млрд теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 235 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алған. Оның ішінде қазанда 24,9 млрд теңге болатын жәрдемақының бұл түрі 447,4 мың отбасыға берілген.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді. 

"2021 жылы 46 760 теңгені (4 бала), 58 457 теңгені (5 бала), 70 154 (6 бала) теңгені, 81 852 теңгені (7 бала), 8 балаға – 93 344 теңгені, 9 балаға – 105 012 теңгені, 10 балаға – 116 680 теңгені, 11 балаға – 128 348 теңгені, 12 балаға – 140 016 теңгені, 13 балаға – 151 684 теңгені, 14 балаға – 163 352 теңгені, 15 балаға – 175 020 теңгені, 16 балаға – 186 688 теңгені немесе әр балаға 11 668 теңге болды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу