Қор биржасының өкілдері сұранысқа ие қаржы құралдарын атады

995

Отандық инвесторлар арасында мемлекеттік бағалы қағаздарға сұраныс жоғары. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының өкілі Андрей Цалюк мәлімеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қор биржасының өкілдері сұранысқа ие қаржы құралдарын атады

Оның айтуынша, инвесторлар коронадағдарыс кезінде неғұрлым тұрақты және кепілі бар эмитенттерге қаржы құйған. Бұл ұзақмерзімді мемлекеттік облигациялар мен акциялар. Орташа алғанда аталған құралдардың айналымдағы мерзімі – 3 жыл, ал жылдық кірісі 10 пайыздың төңірегінде.

Цалюктің айтуынша, бұл нарықтық ставкадан аса жоғары болмаса да, тұрақты. Мемлекеттік облигациялардан кейін, Ұлттық банктің ноталары да жиі инвестиция құйылады. Алайда оның жылдық кірісі 8 пайыз. Сондай-ақ, KASE индексіне кіретін банктер, энергетика мен  шикізат өндірушілер және байланыс компанияларына сұраныс көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу