Қор нарығында бөлшек инвесторларды қорғау шаралары қабылданды

Кепілсіз микрокредиттер беру қатаңдатылады.  

Қор нарығында бөлшек инвесторларды қорғау шаралары қабылданды Фото: Ұлттық банк баспасөз қызметі

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресінде мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде Агенттік тұтынушылар үшін тәуекелдер мен қауіптер дәрежесіне қарай нарық субъектілеріне сараланған реттеушілік жүктемені көздейтін тепе-тең реттеу қағидаттарын қолданады.

Мысалы, қор нарығында бөлшек инвесторларды қорғау шаралары қабылданды, олар Агенттіктің лицензиясынсыз инвестициялық консультация беру қызметтерін ұсынуға тыйым салуды көздейді, бірақ осындай қызмет түрін көрсету үшін лицензия алуға қойылатын талаптар азайтылды.

Бұл нарыққа жаңа қатысушыларға кіруге кедергі жасамауға мүмкіндік берді.

Жоғары тәуекелдердің жинақталуы байқалатын кепілсіз онлайн микрокредит беру сегментінде жүйелік тәуекелдерді болдырмау үшін Агенттік кепілсіз микрокредиттерді беруді реттеу мен бақылауды қатаңдату жөніндегі реттеушілік шараларды іске асыруда", 

МҚҰ капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды саралап арттыру, қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін қатаңдату, микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін төмендету және өзге де шаралар көзделеді.

"Агенттік қаржы секторын дамыту, қаржылық тұрақтылықты және экономиканың үдемелі өсуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратын болады", - деп қорытындылады Мәдина Әбілқасымова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу