Қор нарығында доллар 2 теңгеге арзандады

414

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Қор нарығында доллар 2 теңгеге арзандады Фото: elements.envato.com

Күндізгі сауда-саттықта доллар бағамы 2, 21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459, 74 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 01 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 468 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңгеден болса, сатып алу – 466.

Ресей рублі 7,36- 7,46 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 14 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,67 теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу