Қор нарығында доллар бағасы біршама арзандады

236

Бүгінгі доллар бағамы -  449,96 теңге. 

Қор нарығында доллар бағасы біршама арзандады Фото: inbusiness.kz

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 1 доллар 449,96 теңге болды.

Ұлттық банктің 26 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 449,7 теңге, сатып алу – 451,7 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449 теңгеден болса, сатып алу – 453 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу