Қор нарығында доллар бағасы қайта өсті

188

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының құны сәл көтерілді.  

Қор нарығында доллар бағасы қайта өсті Фото: inbusiness.kz

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша ұлттық валютаға шаққандағы орташа бағам 0,77 теңгеге өсіп, 538,54 теңгеге жетті. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,76 теңге болып белгіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 537,51 теңгеден сатып алынып, 539,38 теңгеден сатылуда. Еуро бағасы 625,48–629,56 теңге аралығында болса, рубль 6,58–6,70 теңге деңгейінде саудалануда. Ал юань 73,94 теңгеден сатып алынып, 76,61 теңгеден сатылып жатыр.

Елордадағы айырбастау орындарындағы жағдай да ұқсас:

  • доллар: сатып алу – 535,99 теңге, сату – 540,97 теңге;

  • еуро: сатып алу – 621,97 теңге, сату – 631,96 теңге;

  • рубль: сатып алу – 6,65 теңге, сату – 6,75 теңге;

  • юань: сатып алу – 74,31 теңге, сату – 77,28 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу