Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,22 теңгеге арзандады.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 517 теңге. Еуро 587 – 592 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 521 теңге, сатып алу құны – 515 теңге. Еуро 584 теңгеден сатып алынып, 591 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15 - 6,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 24 сәуірге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 518,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,27 теңге. Еуро – 591,06.