Оңтүстік Кореяда зауытта болған өрттен кейін қазақстандық жоғалып кетті

98

Корея Республикасының Мендон-мен қаласындағы кәсіпорында өрт шығып, сол жерде жұмыс істеген Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кеткен. 

Оңтүстік Кореяда зауытта болған өрттен кейін қазақстандық жоғалып кетті Фото: Sputnik

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, 30 қаңтар күні азық-түлік пен сусындар өндіретін кәсіпорында өрт шыққан.

Өрттен кейін бірден 81 қызметкер эвакуацияланған. Алайда 2 жұмысшы, оның ішінде Қазақстан азаматы, табылмай қалған.

Полиция мен өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 31 қаңтар күні таңертең өртенген цехтың ішінен белгісіз адамның мәйіті табылған.

Қазіргі уақытта полиция марқұмның жеке басын анықтау үшін Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінген.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі полиция және өрт сөндіру қызметімен, сондай-ақ жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен тұрақты байланыста. Мәселе министрліктің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу