banner

Кореялық компания Қарағанды облысында полиметал барлаумен айналысады

791

Кореялық компания Қарағанды облысында полиметал барлаумен айналысады

Қарағандыда "Атамекен" ҚР КҰП Іскер әйелдер кеңесінің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен бизнес-форум ұйымдастырылды.
Форум барысында аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысы мен Корея Республикасының арасындағы байланыс туралы айтып берді. 
"1994 жылы Қарағанды қаласы мен Сеул қаласының Сонг Па округымен арасындағы бауырластық туралы келісімге қол қойылды. 2010 жылы Қарағанды облысының әкімдігі мен Ульсан метрополиясы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасты. 2015 жылы қазан айында Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чо Ёнгчон бастаған делегация Қарағанды облысына ресми сапарммен келді", - деді облыс әкімі. 
Қарағанды облысында Оңтүстік Кореяның  қатысуымен 24 кәсіпорын құрылған. Олар – тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қойма, құрылыс саласы, жатын мен тамақтану қызметтері, кәсіпқой және ғылыми-техникалық қызмет, басқа да қызметтер.
"Қарағанды облысында Дүйсембай учаскесінде "Korea Resources Corporation" және "Қазгеология" АҚ арасындағы полиметаллды барлау бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылуда. 2015-2016 жылдары далалық, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде камералды және зертхана жұмыстары жалғасуда", – деп хабарлады аймаққа сапарлап келген Тэгу қаласының делегациясымен кездесуде Нұрмұхамбет Әбдібеков.
"Сарыарқа" АЭА аумағында Корея Республикасымен құбырлар мен фасондық бұйымдар шығаратын бірлескен зауыт жұмыс істейді, деп еске салып өтті облыс басшысы.
Аймақ әкімі қонақтарға туризм саласындағы байланыстарды дамытуды ұсынып, оған Тэгу қаласының вице-мэрі Ким Ён Чан ынтымақтастыққа мүдделік танытты. 
Форум барысында іскерлік қарым-қатынасты дамыту туралы екі келісімге қол қойылды. 
2016 жылы Қарағанды облысының Корея Республикасымен сыртқы сауда айналымы 9,7 млн АҚШ долларын құрады (жалпы көлемнің 0,3%). Бұл тек импорттың көлемі. 
Облыс Кореядан бульдозерлер, экскаваторлар, тиегіштер мен жол тегістейтін катоктар; электродәнекерлеу машиналары мен аппараттарын; жону станоктарын; мұнай және мұнай өнімдерін; металл илемдеу орнақтарын және арқаулар; темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған прокат; этилен полимерлерін; пропилен полимерлерін; шыны-талшықтар; плиталар, пластмасс табақтар; азық-түлік импорттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу