Қорғаныс министрі Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті

197

Тараптар өзара әріптестікті талқылады.    

Қорғаныс министрі Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті Фото: gov.kz

Қорғаныс ведомствосының басшысы Дәурен Қосанов Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті арасындағы халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын ілгерілетуге және әскери дайындық жүйесінде білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен өзара іс-қимылдың жүйелі сипатқа ие екенін атап өтті.

Ұйым сарапшылары бітімгерлік контингенттерді, әскери-медициналық және инженерлік мамандарды даярлауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің оқу орталықтары базасында БҰҰ-ның сертификатталған курстарын өткізуге қатысады.

Ұлттық қорғаныс университетінде ұйым мамандарының қатысуымен халықаралық гуманитарлық құқық бойынша жеке оқу пәні жүргізіледі. Тараптар әскери қызметшілерді даярлау, тәжірибе алмасу және қарулы қақтығыстар құқығының халықаралық стандарттарын ілгерілету саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу