Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев сарбаз Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство өкілі сарбаздың ата-анасына мен жақындарына министрлік атынан көңіл айтты.
"Қылмыстық іс қозғалды. Соның шешімі негізінде (кінәлілер) жазаланады, тәртіптік жазаларды Ұлттық ұланның басшылығы қолданады. Басында емдеген кезде көмегімізді бердік, кейін отбасымен байланыста болдық. Осы уақытқа дейін Қорғаныс министрлігі қолдан келген барлық көмекті көрсетті", – деді Шайх-Хасан Жазықбаев Сенат кулуарында.
Ол Ұлттық ұланның басқармасы жерлеу рәсіміне қатысуы мүмкін екенін де айтып қалды.
Айта кету керек, бұған дейін әскерге сау кетіп, ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар қайтыс болғанын жазғанбыз.