Қорғаныс министрлігі: 28 адам шетелде әскери дәрігерлік мамандығын игеруде

684

Қазақстан Президенті 2020 жылғы Жолдауында Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді болжамын жасауды тапсырды.

Қорғаныс министрлігі: 28 адам шетелде әскери дәрігерлік мамандығын игеруде

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қорғаныс инистрлігі әскери-медициналық бейіндегі мамандарды даярлау жоспарларын қайта қарады. Бұл туралы министрліктің баспасөз хабарламасында айтылған.

Сонымен, ведомствоның ақпаратына сүйенсек, Академиялық ұтқырлық шеңберінде Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары "әскери істегі логистика" мамандығы, "медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру" біліктілікілігі бойынша және Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттары "әскери медицина" мамандығы мен "әскери дәрігер" біліктілігі бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде және М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде білім алуда.

Биыл Құрлық әскерлерінің Әскери институтын 9 адам аяқтаған. 2021 жылы-11 адамды, 2022 жылы – 12 маманды даярлау жоспарларынуда.

"Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты 15 лейтенантты дайындады, олар одан әрі интернатурада  оқудан өтетін  болады. 2021 жылы 23 маманды шығару жоспарлануда",– деп жазылған хабарламада.

Ведомство медицина мамандары сондай-ақ Ресей, Армения, Түркия және Қытай елдеріндегі әскери жоғары оқу орындарында даярланып жатқанын жеткізді.

"Қазіргі таңда шетелдегі әскери жоғарғы оқу орындарында 28 адам білім алуда. Санкт-Петербуг қаласындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің К.С Киров атындағы әскери-медициналық академияда 9 курсант пен 7 офицер "құрлықтағы әскерлерді емдеу ісі", "авиациядағы емдеу ісі" және "әскерлерді медициналық қамтамасыз ету" және "клиникалық медицина" мамандықтары бойынша білім алуда. Ереван мемлекеттік медицина университетіндегі әскери-медициналық факультетте "әскери-далалық хирургия" мамандығы бойынша 3 курсант оқиды. Түркияның "Гүлхане" Әскери-медициналық академиясында "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша 7 курсант, Шанхайдағы Қытай Әскери-медициналық университетінде "клиникалық медицина" мамандығы бойынша 2 курсант білім алуда. Санкт-Петербуг қаласындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің К.С Киров атындағы әскери-медициналық академиясына 35 мамандық бойынша 67 адам курстық даярлыққа жіберілетін болады. Ереван мемлекеттік медицина университетінде "Әскери-далалық хирургия" мамандығы бойынша  әскери-медициналық факультетте 5 курсант оқыту жоспарланған. Ал бір курсант Түркияға жіберілетін болады", – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген әскери қызметшілерді түрлі медициналық бейіндік мамандықтар бойынша курстық даярлыққа жіберу мәселесі қарастырылып жатқандығы айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу