Қорғаныс министрлігі авиациялық қақтығысқа қатысты түсініктеме берді

1005

Қорғаныс министрлігі авиациялық қақтығысқа қатысты түсініктеме берді

Бүгін, 21 желтоқсан күні түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор А. Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда.

Министрліктің мәліметінде келтірілгендей, майор А. Ысқақовтың күндізгі және түнгі уақыттағы жалпы ұшып өтуі 556 сағатты құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу