Қорғаныс министрлігі өткен жылы бөлінген бюджет қаражатының 80 пайызын игерусіз қалдырған. Бұл 29 млрд теңгені құрайды. Мәжілісте өткен жиында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлімедеді. Ведомство басшысының сөзінше, ақшаның дер кезінде жұмсалмауына келісім-шарттың өзгеруі және жұмыстың уақытылы орындалмауы себеп. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінен 1,2 млрд теңге, білім және ғылым министрлігінен 1 млрд теңге, сыртқы істер министрлігінен 920,2 млн теңге игерілмеген. Жалпы жиыны 36 млрд теңгедей бюждет қаражаты жұмсалмаған күйі қалып отыр. Енді, қаржыны дер кезінде игере алмаған шенеуніктер жауапқа тартылуы мүмкін.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі - 29 млрд Қорғаныс министрлігінен шықты. Бұл Ресей Федерациясымен жоспарланған ұшақты сатып алу керек болатын, болмай қалды. Біздің партнерларымыз ұшақтың бағасын көтеріп жібергеннен кейін, алмауға мәжбүр болды. Жалпы өткен жылы қаржыны игермеген 53 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған болатын.
Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов Үкімет 2018 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнім көрсеткішіне шаққанда 1 пайызға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Себебі, мұнай баррелінің арзан бағада сатылуы көпке дейін созылуы мүмкін дейді министр. Мәселен, 2017-2019 жылдарға бекітілген республикалық бюджет жоспарында биылға тапшылық 578,1 млрд теңге деп көрсетілген болатын. Алайда, ақпан айында бюджетке жасалған өзгерістерге байланысты тапшылық 1 трлн 547 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Бұл жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызын құрайды.