Айтулы дата 1991 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің құрамында кадрлар басқармасының құрылуымен байланысты
Сол кезеңде бөлімше мамандарының алдында офицерлер құрамын сақтау, әскери қызметшілердің жаңа буынын қалыптастырып, тәрбиелеу міндеті тұрды. Қысқа мерзім ішінде әскери қызметшілердің көзқарастарын, талап-тілектерін және шектеулер жүйесін анықтайтын нормативтік құқықтық база құрылды.
Бүгінде Қарулы күштердегі кадр саясатын Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімше әскери лауазымдарды жасақтауды ұйымдастырады. Кадр резервін қалыптастырып, жеке құрамды есепке алуды және аттестаттауды жүзеге асырады, әскери атақтар беру және әскери қызметшілерді марапаттау мәселелерімен де айналысады.
"Электрондық технологияларды қолдану арқылы кадрларды таңдау және орналастыру жүйесі де өзгеріп келеді. Әскери қызметшілердің цифрлық рейтингін енгізу кадрлық әлеуетті дамытуға серпін берді. Олардың кәсіби ісін бағалаудың жаңа құралы мансапты жоғарылатуда ашық және объективті болуды қамтамасыз етеді. Рейтинг білім деңгейі, біліктілігі, тілдерді меңгеруі, аттестаттау нәтижелері және жеке жетістіктері негізінде қалыптастырылады. Сандық рейтинг әскери қызметкерлердің мотивациясын арттырып, бюрократиялық процедураларды және адам факторының әсерін азайтады", – делінген хабарламада.
Кадр жұмысы қағидаға сай болуды, салмақты шешім қабылдау қабілетін, коммуникативтік дағдыларды меңгеруді және әскери қызметшінің әдебін сақтауды талап етеді. Бір қарағанда, байқалмайтын жұмыс үздіксіз басқару, мемлекеттің қорғаныс саласындағы міндеттерін орындау үшін қолда бар әлеуетті тиімді пайдалануға бағытталған кадр саясатының сабақтастығын қамтамасыз етеді.