Қорғаныс, ТЖМ және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді

585

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қорғаныс, ТЖМ және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді

Лауазымды тұлғалар оқиға орнына шықты.

Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады.

Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін.

Аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал.

"Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі апарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ", - делінген Қорғаныс ведомствосының хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу