Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынады

1208

Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізуге дайындық жалғасуда. 

Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынады

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде бірқатар ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Аталмыш өзгерістер әскерге шақыру жасындағы жастар мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға арналған.

Атап айтқанда әскери қызметшілердің мерзімді әскери борышын өтеу кезеңінде олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде жеңілдіктер беру ұсынылады.

Қорғаныс министрлігі ұсынып отырған мерзімді әскери қызмет кезеңінде несиені кейінге қалдыру жас қазақстандықтар үшін қосымша қолдау болмақ. Әскери ведомство басқа да, оның ішінде білім беру секторында жеңілдіктер қарастыруды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу