Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

248

Осыған байланысты жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау ескертілді.  

Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі Фото: qaj.kz

Ұлттық компанияның хабарлауынша, 8 тамыз күні сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін Қорғас – Алматы бағыты бойынша көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Шектеу ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі габаритті жүкті қауіпсіз өткізуге байланысты. Осы уақыт аралығында жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейді.

"Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарауды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу