"Қорғас" орталығы 2 аптаға жабылады

201

Бұл туралы халықаралық сауда орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қорғас" орталығы 2 аптаға жабылады Фото: Қорғас ШЫХО

Орталықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, "Қорғас" 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған ҚХР-да Қытай Жаңа жылының тойлануы және осыған байланысты "Қорғас" ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуы себеп.

"Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2026 жылғы 2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады", – деді "Қорғас" ШЫХО әкімшілігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу