"Қорғас" орталығының қоймасын бұзғандар жазаланды

929

Бұл қоймада кедендік тексерісте қалған заттар сақталатын.

"Қорғас" орталығының қоймасын бұзғандар жазаланды

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының заттарды сақтайтын қоймасын бұзып кіргендер жазаланды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі мәлімдеді.

Instagram әлеуметтік желісінде ашулы топтың қоршауды күшпен бұзып, ішке кіргені туралы видео жарияланған еді. Оларға күзетшілер мен полиция қызметкерлері қарсылық танытқанымен, ашуға мінген топ қақпаны бұзып кірді.

Видео авторларының сөзінше, бұл қоймада кедендік тексерісте қалған заттар сақталады. Сондай-ақ кеден бекетінде ұмытылып қалған жүктердің иесі табылғанша, уақытша сонда тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу