Қорғас өзенінде Жаркент орманының ағашынан жасалған бөгет салынады

1304

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин осындай шешім қабылдады. 

Қорғас өзенінде Жаркент орманының ағашынан жасалған бөгет салынады

"Қаулы қосымшасына сәйкес Қорғас өзенінде селден қорғайтын бөгет құрылысы үшін "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу  басқармасының" "Жаркент орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданы 145,965 гектар болатын жер телімін орман қорының жері санатынан ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және өзге де ауылшаруашылық емес мақсаттарға арналған өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері санатына ауыстырылсын",- 2019 жылдың 21 тамызында нормативтік құқықтық актілердің құқықтық ақпараттық жүйесі сайтында жарияланған ҚР үкіметінің қаулысында осылай делінген.

Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтеп, алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту шараларын жүргізуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу