Көрінген әумесер әлеуметтік желіде әулие болып кетті – Ринат Зайыт

Мәжіліс отырысында депутат өзін психолог ретінде таныстыратындарды қатаң сынға алды.  

Көрінген әумесер әлеуметтік желіде әулие болып кетті – Ринат Зайыт Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Оның сөзінше, қоғамда кәсіби біліктілігі жоқ бола тұра халыққа ақыл айтатындар көбейіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Психолог бұрын жағдайыңды түсінетін досың еді, көңіліңе қарайтын көршің еді. Қазір осы институттың бәрі әлсіреген кезде, адамдар кімге барып жан-жарасын айтарын білмей қалды. Міне, осының салдарынан, мемлекеттік бақылау болмағандықтан, қазір екінің бірі – психолог, көрінген әумесер әлеуметтік желіде әулие болып кетті. Бұл өтірік емес.
Бір мысал айтайын. Бір жігіт психологпен әлеуметтік желі арқылы байланысады, сөйлеседі. "Менің отбасым, әйелім, әке-шешем бір-бірін түсінбей жүр, осыны қалай шешемін?" десе, психолог "Сен олардан алыс жүр" деген ғой. Сөйтіп, бүкіл әулеттің ойран-топырын шығарған, – деді халық қалаулысы. 

Ринат Зайыт жеке тұлғалардың жан саулығы үшін мемлекет барлық жағдайды жасауы керек деп есептейді. 

– Біз оны қадағалауға алып, ертең әкені ұл жағынан алып, шешені қыз беттен алып жатқан заманда, оны ары қарай ушықтыруымызға хақымыз жоқ деп ойлаймын, – деп сөзін қорытындылады депутат. 

Бұған дейін Қазыбек Иса "Уағызды кім көрінген айту қашан тоқтайды?" деген мәселе көтеріп, депутаттық сауалын жолдаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу