Коронадағдарыс: Вице-министр неге ШОБ-ты даму керегін түсіндірді

777

Оның пікірінше, қазақстандықтардың СOVID-19-ға қарсы екпені алуы экономикадағы белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. 

Коронадағдарыс: Вице-министр неге ШОБ-ты даму керегін түсіндірді

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов коронавирус пандемиясы кезінде шағын және орта бизнеске неге қолдау көрсету керегін түсіндіріп, саланы дамыту керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол СOVID-19 вирусы мемлекеттің экономикалық өсіміне, халықтың әл-ауқатына, көңіл-күйіне кері әсер еткенін атап өтті.

Тимур Жақсылықов әлем елдері сияқты Қазақстанда коронадағдарыс кезінде шағын және орта бизнеске (ШОБ) көмектескенін атап өтті. 

"Қазақстан да күш-жүгерінің басым бөлігін шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсады. Пандемия басталғалы бері саладағы көрсеткіш жаман емес. ШОБ өндірген өнімнің көлемі мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары саны азайған жоқ. Керісінше олардың саны артты. Ал тауар өндірісі салалары өсім көрсетті. Бұл машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі және тағы басқа салалар", - деді министрдің бірінші орынбасары елордада өтіп жатқан Astana Finance Days конференциясында.

Оның айтуынша, пандемия кезінде қонақжайлылық, қоғамдық тамақтану, сауда секторлары зардап шеккен.

"Бұл сегментте кері көрсеткіш тіркелді. Осыған қарамастан тұрғындардың коронавирусқа қарсы екпе алуы нәтижесінде жағдай жақсарады деген үміттеміз... Үкімет басшысы күзде жоспарланған көрсеткіштерге жете аламыз деген сенімде. Осылайша, коронавирустың таралуына шектеу қойылмақ", - деді Тимур Жақсылықов.

Сонымен қатар бірінші вице-министр коронадағдарыс жағдайында ШОБ-қа қолдау көрсету, оны дамыту маңызды екенін жеткізді.

"Біріншіден, денсаулық саласы басты назарда болуы керек. Коронадағдарыс біраз уақыт болуы мүмкін. Сондықтан COVID-19 вирусымен күресіп, үйренуіміз шарт.

Екіншіден, шағын және орта бизнес. Себебі, бұл сала нарықта жұмыс орнының басым бөлігін аша алады. Мысалы, соңғы 5 жылда елімізде жаңадан ашылған әр 10 жұмыс орнының сезігі шағын және орта бизнес сегментінің үлесінде. Сондықтан қазіргі дағдарыс жағдайында бұл сектор маңызды болып тұр. Үшіншіден, нарықтағы жұмыс орындарын сақтау үшін ШОБ-қа қолдауды күшейту керек. Бұл да маңызды", - деп түйіндеді сөзін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу