Коронадағдарыстан кейін жарнама мен маркетингке сұраныс 1,5 есе өсті

515

Аймақтар бойынша қызметтердің 82,8%-ы Алматыға тиесілі. 

Коронадағдарыстан кейін жарнама мен маркетингке сұраныс 1,5 есе өсті

2021 жылдың қаңтар-маусымында жарнама және нарықты зерттеу саласындағы қызметтер көлемі 153,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Салыстырар болсақ 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қызметтер көлемі, керісінше, 11,7%-ға немесе 95 млрд теңгеге төмендеген еді. 

Аймақтар бойынша қызметтердің көп бөлігі Алматыда көрсетілген: 127,3 млрд теңге, бір жыл бұрынғы 72,3 млрд теңге болатын, жылына 76,1%-ға өсті.  Бұл республикадағы барлық қызметтердің 82,8%-ын құрайды.

Елорда екінші қатарда: 15 млрд теңге - өткен жылмен салыстырғанда 24,1%-ға артық. Бұл үштікті Шымкент қорытындылайды: 1,6 млрд теңге, өткен жылдан 0,3%-ға төмен.
Сектор бойынша ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілді: тек 109,8 млн теңгеге, бір жыл ішінде өсім - 19,7%.

Сектордағы қызметтердің - 92,3%-ы немесе 142 млрд теңге жарнама агенттіктеріне тиесілі, бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 85,3%-ға жоғары.

Тағы 8,2 млрд теңге (-45%) нарықты зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу бойынша көрсетілетін қызметтерге тиесілі.  3,6 млрд теңге бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама орналастыру бойынша көрсетілген (+ 6,1%).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу