Коронавирус: 102,8 млрд теңгенің 76 млрд теңгесі алғашқы 3 айда жаратылған

665

ДСМ ресми өкілі індетпен күреске бөлінген қаражаттың қысқаша есебін берді.

Коронавирус: 102,8 млрд теңгенің 76 млрд теңгесі алғашқы 3 айда жаратылған

Коронавирус пен вирустық пневмонияның таралуына қарсы бағытталған шараларды ұйымдастыру үшін бюджеттен 102,8 млрд теңге бөлінген. Денсаулық сақта министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, оның негізгі бөлігі медицина мамандарына үстемеақы төлеуге шығындалған.

"Коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмонияның таралуына қарсы эпидемиологиялық шараларға барлығы 102,8 млрд теңге бөлінгенін білесіздер. Наурыз-шілде аралығында 76 млрд теңге төленген. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің үстемеақысы да бар. Бұл сома 57 млрд теңге. Карантиндік, провизорлық емдеу шараларына, коронавирус инфекциясын емдеуге  16,1 млрд теңге жұмсалды. Стационарлық, амбулаториялық жағдайда ПТР-тестер сатып алуға 2,9 млрд теңге шығындалды. Қазіргі  таңда мобильді бригадалар медициналық көмек көрсетіп жүр. Қазақстан бойынша 3000-нан астам осындай бригада құрылғанын білесіздер. Оларды ұстауға 24 млн теңге жұмсалды", – деді Бағдат Қожахметов онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу