Коронавирус: 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

822

Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 қыркүйек 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус: 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

Шұғыл штаб өткен тәулікте 72 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталғанын хабарлады. Осылайша елімізде індет бүгінге дейін 107056 адамға жұққан.

ДСМ-нің коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты бүгінгі ақпаратынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 35-і – бала.

"Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– дейді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу