banner

Коронавирус: 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

480

Денсаулық сақтау министрлігінің 3.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Коронавирус: 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 732 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 344 бала бар. Стационарларда 2 482 науқас жатыр. 2 250 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 161 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте тағы 449 адамнан вирус анықталғанын хабарлады. Осылайша еліміз бойынша індет жұқтырғандар саны осы уақытқа дейін 113309-ге жетті. Олардың 106716-сы жазылып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу