Коронавирус: 203 адамның ахуалы нашар

532

Денсаулық сақтау министрлігінің 25.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Коронавирус: 203 адамның ахуалы нашар

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, өткен тәулікте вирус жұқтырғандар қатарына тағы 720 адам қосылды. Осылайша еліміз бойынша аталған дертті жұқтырғандар саны 127580-ге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу