Коронавирус: 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

471

Денсаулық сақтау министрлігінің 6.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Коронавирус: 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 608 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 646 науқас жатыр. 2 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 155 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте тағы 591 адамда коронавирус анықталғанын хабарлады. Осылайша COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 114826-ге жетті. Олардың 107339-ы емделіп шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу