Коронавирус: 82 науқастың ахуалы нашар

608

15.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

Коронавирус: 82 науқастың ахуалы нашар

Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпаратына сүйенсек, қазір елімізде коронавирустық инфекциядан 2 789 адам емделіп жатыр. Олардың 99-ы – бала.

"Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, елімізде бүгінге дейін 108984 адам індет жұқтырып, оның 104346-сы сауығып шыққан. Ал 1768 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу