Коронавирус: 86 адамның ахуалы нашар

585

21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.  

Коронавирус: 86 адамның ахуалы нашар

Коронавирус індетін жұқтырған 86 адамның жағдайы нашар, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 256 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 793 науқас жатыр. 1463 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", – деді министрлік.

Айта кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу