Коронавирус ақмолалық марқұмның денесін ашу кезінде анықталған

676

Диагноз тағы да науқас қайтыс болғаннан кейін анықталды.

Коронавирус ақмолалық марқұмның денесін ашу кезінде анықталған

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов коронавирустың жетінші құрбаны қалай қайтыс болғанын айтты.

"Соңғы деректер бойынша Ақмола облысында коронавирус инфекциясы тағы бір тұрғыннан анықталды. Індет жұқтырғандарың жалпы саны 48 адамға жетті. Оның ішінде 3 жағдай қайғылы аяқталып отыр. 6 сәуір күні Целиноград ауданының 1929 жылы туған тұрғыны көз жұмды. Әйел адам бұған дейін осы аурудан қайтыс болған 1947 жылғы ер адаммен байланысты болған тұлға ретінде есепте болған. Марқұммен 216 адам қарым-қатынаста болған. Коронавирус инфекциясының диагнозы марқұмның денесін ашу нәтижесінде 7 сәуір күні қойылды. Дисциркуляторлық энцефалопатия, стенакордия, паркинсон синдромы, созылмалы бронхит, буын артрозы  сияқты ілеспе аурулары да болған. 2019 жылы жүрегі мен өкпесінде жасына байланысты өзгерістер басталған. Үнемі төсек тартып жатқандықтан науқастың жағдайы төмендей берген. Жүрек пен өкпенің созылмалы жетіспеушілігі,  полиорганды патология салдарынан денсаулығы ұдайы нашарлап отырған. 6 сәуір күні биологиялық өлім тіркелді", – деді ол онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу