Коронавирус елдегі БАҚ-тарды шығынға батыра бастады

740

Бірнеше БАҚ жетекшілері  Үкіметтен салықтық жеңілдіктер сұрап, хат жолдады.

Коронавирус елдегі БАҚ-тарды шығынға батыра бастады

"Қазақ медиа альянсы", "Құқықтық медиа-орталық" пен бірнеше БАҚ жетекшілері Қазақстан Үкіметіне хат жолдап, мәтінін "Қазақ медиа альянсының" сайтында жариялады. Баспасөз бен телерадиокешеннің өкілдері коронавирусқа қарсы қабылданған шектеу шаралары қағазды көп пайдаланатын газет-журналдар мен жарнама берушінің тапсырысына тәуелді телеарналардың кейбірін банкротқа ұшыратуы мүмкін деген дабыл қағып отыр. Бизнестің табысы төмендеген сайын БАҚ-қа жарнама берушілер де азайып кетсе керек.

Хат жолдаушылар төтенше жағдай мен экономикалық дағдарыс кезінде бірқатар шара қабылдаудың мүмкіндіктерін қарауды сұрайды:

  • БАҚ меншік иелерін қосымша құн салығынан 12 ай мерзімге босату;
  •  баспа материалдары мен қондырғыларын елге кіргізу тарифін төмендету;

Бұл хатқа Арманжан Байтасов, Бақтыгүл Бурбаева, Диана Окремова, Сергей Миролюбов,

Александр Тюменев, Руслан Никонович сынды бірнеше БАҚ жетекшілерінің қолы қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу