Коронавирус ешқайда кетпейді - Айжан Есмағамбетова

534

Биыл коронавируспен күреске 87,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 10,5 млрд вакциналар сатып алуға, 77,3 млрд теңге медициналық ұйымдарға жұмсалды.

Коронавирус ешқайда кетпейді - Айжан Есмағамбетова

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz

"Елімізде айналымда жүрген Омикрон штамының ерекшелігі науқастардың 96 пайызына жуығы емханада емделеді. Тек қана 3-4 пайызы ғана ауруханаға түседі. Стационарға түскендері – екпе алмағандар, созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер. Олар КВИ ауруы бойынша жоғары тәуекел тобына кіреді", - деп жауап берді ведомство өкілі тілшілердің сауалына.

Спикердің сөзінше, бүгінде 1,5 мыңға жуық адам коронавирустық инфекциядан емделуде. Оның ішінде 300-і стационарда, ал қалғаны емханаларда ем қабылдап жатыр. 14 адам реанимацияда жатыр. 

"Коронавирус ешқайда кетпейді. Вирус қоршаған ортада өзінің орнын алды деуге болады. Ол тұмау және ЖРВИ сияқты жыл сайын тіркеліп отырады. Осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияның маусымдық таралу ерекшелігі әлі де түсініксіз. Мысалы, тұмау мен ЖРВИ маусымы қазан-сәуір аралығы болса, КВИ-де әлі анық емес. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық жыл бойы тіркеледі. Қазақстанның мысалында қарастыратын болсақ, елде КВИ сырқаттанушылығының өсуі жаз мезгілінде, одан кейін жылдың соңында, яғни желтоқсан-қаңтар айларында болады", - деп атап өтті спикер.

Еске салайық, осыған дейін ел тұрғындарының 57%-дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу