Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді

1302

Қазіргі таңда елімізде 68 коронавирус жұқтырған жағдай тіркеліп отыр.   

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді

Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 12.00  сағаттағы  жағдай бойынша   Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам  Нұр-Сұлтан  қаласында тіркелгенін хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу